ANTIVIBE

ANTIVIBE — ЖИ-⁠агенттер арқылы өнім жасап, іске қосуды үйрететін курс. Бағдарламалау тәжірибесі қажет емес.

Қабылдау басталғанда жазамын. Артық хабарлама жібермеймін.

  • 11 апта
  • Алғашқы аптадан өз өнімің
  • Аптасына екі тікелей эфир

Тапсырмадан дайын экранға

Тапсырманы сөзбен айтасың. Агент жоспар құрады, жасайды, тексереді. Сен шарттардың орындалғанын тексеріп, жұмысты қабылдайсың.

Міндет

Салоныма онлайн жазылу жаса: клиент қызмет пен бос уақытты таңдасын. Бір уақытқа екі адам жазылмасын, төлемді әзірге қоспа.

Агент жұмыста

  1. Жазылу бетін жоспарлаймын
  2. Қызмет пен уақыт таңдауын жасаймын
  3. Қос жазылуды тексеремін
  4. Дайын нұсқаны көрсетемін

Нәтиже: Салонға жазылу. Қызмет: шаш қию. 11:00 — бос. 13:00 — бос емес.

Тексеріп, жұмысты қабылдайсың

Міндет

Алматыда сабаққа өтінім алатын телеграм-⁠бот жаса. Пән мен телефон нөмірін сұрасын, өтінім маған келсін. Нөмірсіз жіберілмесін.

Агент жұмыста

  1. Бот сұрағын жоспарлаймын
  2. Өтінім формасын жасаймын
  3. Нөмірсіз жіберуді тексеремін
  4. Өтінімді иесіне көрсетемін

Нәтиже: Сабаққа өтінім. Пән: математика. Нөмір: енгізілді. Өтінім иесіне жіберілді.

Тексеріп, жұмысты қабылдайсың

Міндет

Шымкенттегі наубайханама қор есебін жаса: әр азықтың кірісі мен шығыны көрінсін. Қалдық нөлден төмен түспесін.

Агент жұмыста

  1. Қор кестесін жоспарлаймын
  2. Кіріс пен шығыс есебін жасаймын
  3. Қордан артық шығынды тексеремін
  4. Азық қалдығын көрсетемін

Нәтиже: Наубайхана қоры. Ұн — 24 кг. Қант — 8 кг. Қордан артық ала алмайсың.

Тексеріп, жұмысты қабылдайсың

Бұл — экран жазбасы емес, ықшам мысал

Курс кімге арналған

Құралдар өзгереді. Төрт дағды қалады.

Бағдарламалау тәжірибең болмаса да, агенттің жұмысын өзің басқарасың.

  • Сөздік

    Интерфейс пен техника атауларын агент түсінетіндей қолданасың.

  • Тапсырма қою

    Нәтижені, контексті, шектеулер мен қабылдау шарттарын жазасың.

  • Жұмысты қабылдау

    Жұмысты код оқымай тексеріп, қабылдайсың.

  • Қайтымсызды түсіну

    Қайтымсыз әрекетке дейін агентті тоқтатуды білесің.

11 апта, алдымен нөлінші апта

Бірінші аптадан қорғауға дейін бір өніміңді жасайсың. Әр модульдің үй жұмысы — сол өнімнің келесі қадамы: сызба мен тапсырмадан іске қосып, тексеруге дейін.

Алдын алаОртақ тілӨтілген «скриншоттан көрсет» тесті

Модульден соң білетініңИнтерфейс пен техника бөліктерін өз атауымен атайсың.

ҚолыңдаӨтілген «скриншоттан көрсет» тесті

Мазмұны
  • Менің скриншоттарымдағы 60-⁠қа жуық интерфейс термині
  • Қозғалыс сөздігі: не, қайда және қандай жылдамдықпен
  • 40-⁠қа жуық техникалық термин: серверден деплойға дейін
  • Танысу эфирі: өніміңнің идеясын бір сөйлеммен айту
Апта 1М1. Өнімнің құрылымыҚауіпті тұстары белгіленген өнім сызбасы

Модульден соң білетініңҚолданба құрылымын бір сызбамен түсіндіріп, деректердің қайда жатқанын белгілейсің.

ҚолыңдаҚауіпті тұстары белгіленген өнім сызбасы

Мазмұны
  • Анимация: экран интерфейс, сервер және базаға бөлінеді
  • API, вебхук пен токендер — анимациялық сызбаларда
  • Эфир: BMO құрылымын бір сызбамен талдаймын
  • Практика: API-⁠ды бір минутта дауыстап түсіндіресің
Апта 2М2. Тапсырма қоюӨніміңе арналған 5 нақты тапсырма

Модульден соң білетініңАгентке шектеулері мен қабылдау шарттары анық тапсырма қоясың.

ҚолыңдаӨніміңе арналған 5 нақты тапсырма

Мазмұны
  • «Әдемі жаса» дегеннен қабылдау шарттары бар тапсырмаға
  • Ұзақ түсіндіру орнына скриншоттар мен үлгілер
  • Дауыспен сұрау: мәтінге түскенде нені тексеру керек
  • Эфир: 10 күнделікті өтінішті нақты тапсырмаға айналдырамыз
Апта 3М3. Өнім: не, кімгеҚабылдау шарттары бар Product Brief пен PRD

Модульден соң білетініңИдеяны адамдармен сөйлесіп тексеріп, алғашқы нұсқаның шегін белгілейсің.

ҚолыңдаҚабылдау шарттары бар Product Brief пен PRD

Мазмұны
  • Практика: аудиторияңдағы адамдармен 3 әңгіме
  • Бәсекелестер мен MVP: алғашқы нұсқадан нені қысқартамыз
  • Анимация: идея жазбасынан жұмыс жоспарына дейін
  • Эфир: әр студенттің Product Brief құжатын талдаймын
Апталар 4–5М4. Агенттермен әзірлеуЖоба паспорты, алғашқы жұмыс нұсқасы, модельдер арасындағы handoff

Модульден соң білетініңЖобаны агенттермен жүргізіп, жұмысты модельдерге контексті жоғалтпай бересің.

ҚолыңдаЖоба паспорты, алғашқы жұмыс нұсқасы, модельдер арасындағы handoff

Мазмұны
  • Анимация: агент қалай ойлайды, әрекет етеді, тексереді
  • Жоба паспорты, Claude Code пен Codex ережелері
  • Эфир: функция жасаймын, қате шықса, сол жерде түзетемін
  • Практика: жобаны бір модельден екіншісіне бересің — handoff
Апта 6М5. Код оқымай қабылдауРепозиторий, қолмен және автоматты тексеру есебі

Модульден соң білетініңАгент жұмысын қабылдап, ақауларын табасың, тексергеніңді дәлелдейсің.

ҚолыңдаРепозиторий, қолмен және автоматты тексеру есебі

Мазмұны
  • Шеткі жағдайлар: бос, көп, баяу, офлайн, өзге телефон
  • Скриншот, тест, лог және ревью жасайтын екінші агент
  • Анимация: коммит пен кері қайту — ойындағы сақтаулардай
  • Эфир: әдейі ақау қосылған үш жұмысты қабылдайсың
Апта 7М6. Қауіпсіздік пен құқықҚалпына келтірілген сақтық көшірме, өнім деректерінің картасы

Модульден соң білетініңДеректер мен кілттерді қорғайсың, көшірмені қалпына келтіріп, құқықтық тәуекелдерді байқайсың.

ҚолыңдаҚалпына келтірілген сақтық көшірме, өнім деректерінің картасы

Мазмұны
  • Loome апаты: бос айнымалы бүкіл жобаны қалай өшірді
  • Кілттер мен құпиясөздер: қайда беруге болмайды
  • Анимация: беттегі бөгде нұсқау агентті басқаруға тырысады
  • Қазақстандағы құқықтық тәуекелдер, көшірмеден қалпына келтіру
Апта 8М7. Іске қосуӨз доменіңдегі өнім, мобильді нұсқа не қолданба қабығы

Модульден соң білетініңӨнімді өз доменіңе шығарып, қателерді бақылайсың, кері қайту жолын білесің.

ҚолыңдаӨз доменіңдегі өнім, мобильді нұсқа не қолданба қабығы

Мазмұны
  • Cloudflare Pages деплойы: басынан аяғына дейін, қиылмаған жазба
  • Мобильді нұсқа мен қабық: ресми нұсқаулықпен жұмыс
  • Мониторинг, ақаулар және кері қайту
  • Эфир: браузер агентімен домен мен DNS баптаймыз
Апта 9М8. Өтпеген тапсырмаларКурста өтпеген тақырыптан бір орындалған тапсырма

Модульден соң білетініңБейтаныс тақырыпты түпнұсқа дереккөз, агентке сұрақ қою және тексеру арқылы түсінесің.

ҚолыңдаКурста өтпеген тақырыптан бір орындалған тапсырма

Мазмұны
  • Эфир: бағдарламада болмаған тапсырма беремін
  • Төлем, карта, телеграм-⁠бот не Google арқылы кіру
  • Жаңаны үйрену реті: түпнұсқа дереккөз, сұрақ, тексеру
  • Эфир: нәтижемен бірге шешімге қалай келгеніңді талдаймыз
Апта 10М9. Клиенттер мен стартап50 таныс контакт, 2 серіктестік келісім, жіберілген прототип

Модульден соң білетініңАлғашқы клиенттерді іздеп, серіктестермен келісесің, жұмысты кезеңмен ұсынасың.

Қолыңда50 таныс контакт, 2 серіктестік келісім, жіберілген прототип

Мазмұны
  • Клиентті таныстар мен серіктестер арқылы қалай табамын
  • Сату: қоңырау, бриф, бағалау, шарт және алдын ала төлем
  • Өз өнімің: бизнес моделі, метрикалар мен юнит-⁠экономика
  • Практика: прототипті нақты бизнеске жібересің
Апта 11ФиналТексеру есебі, тәуекелдерді жою жоспары, өнімді қорғау

Модульден соң білетініңІске қосу алдындағы тексеруден өтіп, қалған тәуекелдерді атайсың, өнімді қорғайсың.

ҚолыңдаТексеру есебі, тәуекелдерді жою жоспары, өнімді қорғау

Мазмұны
  • Техникалық чек-⁠лист, құпиялық пен құқықтық тәуекелдер
  • Иесіздендірілген дерекпен алғашқы құқықтық тексеру агентін жасайсың
  • Қорғау: мың қолданушы келсе, не істен шығатынын түсіндіресің
  • Курсқа шолу және жеке даму жоспары

Бір апта қалай өтеді

Жазылған сабақтарды өз қарқыныңмен көресің. Тікелей эфирде алдын ала жазу мүмкін емес дүниелер бар: жұмысыңды талдау, қатесімен бірге көрсету, сұрақтар мен қабылдау.

  1. Дүйсенбі

    Видеосабақтар ашылады

    Сабақтарды өз қарқыныңмен көріп, өнімнің келесі қадамына кірісесің. Өз бетіңше жұмысқа сөздіктер, чек-⁠листер мен үлгілер көмектеседі.

  2. Сәрсенбі

    Талдау не тікелей демо

    Апта тақырыбына сай жұмыстарды талдаймын не агенттермен жұмысымды көрсетемін. Топтың көзінше қатені түзетіп, сұрақтарға жауап беремін.

  3. Сенбі

    Жұмыс қабылдау

    Өніміңнің келесі қадамын көрсетесің. Топпен бірге нақты тапсырыстай қабылдаймыз: тапсырмаға сай ма, ақауы бар ма — тексереміз.

Сабақтың төрт форматы

  • Видеосабақ

    Веб құрылымы, сөздік не әдіс туралы 8–15 минут. Жазбаны өз қарқыныңмен көресің.

  • Сызба анимациясы бар видео

    8–15 минутта күрделіні қозғалыста көресің: серверге сұрау, бетке дейінгі жол, агент циклі. Бағдарламада мұндай 11 сабақ бар.

  • Тікелей эфир

    Аптасына екі рет, 60–90 минут: сәрсенбіде талдау не демо, сенбіде топпен бірге жұмыстарды қабылдаймын.

  • Метадағды шағын сабағы

    5–10 минут видео және бір аптаға әдет. Мысалы, API-⁠ды өз сөзіңмен түсіндіру не тапсырма неге жоспардан ауытқығанын талдау.

Ортақ чат — ақаулар журналы: нені бұздың, себебін қалай таптың, қалай жөндедің.

Кім үйретеді

Бекарыс Пернебаев

Бекарыс ПернебаевАстаналық әзірлеуші әрі дизайнер · pernebye

Күнде ЖИ-⁠агенттермен клиент жобаларын жасап, өзімнің BMO экожүйемді дамытамын. Тапсырма беремін, жұмысты бір модельден екіншісіне беремін, тексеріп, іске қосамын. Курста осы жолды толық көрсетемін: қателерімен, түзетулерімен бірге.

Өз жұмыс тәсілімді үйретемін: нәтижені сипаттау, агентке керек контексті беру, жасалғанды тексеру. Эфирде өніміңді талдап, сенбі сайын топпен бірге жұмысты қабылдаймын. Қауіпсіздікке өз жобам өшкен апатты да қостым.

pernebye.kz жобалары
  • 30Іске қосылған 30-⁠ға жуық жоба
  • 3Жыл коммерциялық әзірлеуде
  • 50Жобаларымның жалпы құны 50 млн теңгеден асады

Курста не жоқ

Байланыс дерегіңді қалдырмай тұрып, осыны білгеніңді қалаймын. Сонда курс мақсатыңа сай ма — түсіну оңай.

  • Программист болмайсың

    Агенттермен өнім жасауды үйренесің. Код деңгейінде тексеру процесіне тәуелдісің: қабылдау шарттары, тест, ревью және функцияның жұмыс істейтінінің дәлелі.

  • Сұхбатқа дайындамаймыз

    Бағдарламада тіл синтаксисі мен алгоритмдер жоқ. Оның орнына өнім құрылымы, тапсырма қою, қабылдау, қауіпсіздік және іске қосу бар.

  • Табысқа уәде жоқ

    Табысқа не жұмысқа тұруға уәде бермеймін. 9-⁠модульде клиент іздеуді, жұмысты сатуды талдаймыз. Практикада прототипті нақты бизнеске жібересің.

  • Дайын батырмалар жоқ

    Нұсқаулық оқып, өзің байқап көруге дайын болсаң, курс саған сай. Қатені түсіну, жұмысты тексеру, сабақта болмаған тапсырмаларды шешу керек болады.

Курс жайлы сұрақтар

Бағдарламалау тәжірибесі керек пе?

Жоқ. Ортақ сөздік пен өнім құрылымынан бастаймыз. Кодты агенттер жазады, сен тапсырма қоюды, жұмысты тексеруді үйренесің. Бастысы — нұсқаулық оқып, өзің байқап көруге дайын болу.

Аптасына қанша уақыт керек?

Бағдарламада нақты сағат саны әзірге жоқ. Аптада қысқа видеосабақтар, өнімді өз бетіңше жасау және 60–90 минуттан екі эфир бар. Дүйсенбіде сабақтар ашылады, сәрсенбіде талдау не демо, сенбіде жұмыс қабылданады.

Курс қашан басталады, бағасы қанша?

Күні мен бағасы әзірге жарияланбады, қабылдау ашылған жоқ. Күту тізіміне байланыс дерегіңді қалдыр — қабылдау ашылғанда саған бірінші жазамын.

Қандай құралдар керек? Ақылы жазылым қажет пе?

Демода Claude Code пен Codex қолданамын, соның ішінде жобаны модельдер арасында беру үшін. Өзге құралдарға шолу жасаймыз. Керек сервистер тізімі мен жазылым шығынын курсқа дейін жіберемін. Әзірге сомасы жарияланған жоқ.

Соңында қолымда не болады?

Қорғауға өз доменіңдегі өнімді, мобильді нұсқасын не қабығын, құжаттарды, репозиторийді, тексеру есебін, қалпына келтірген көшірмені әкелесің. Сыртқы сервиспен істейтін функция, модельдер арасында беру, құқықтық агент есебі мен тәуекелдерді жою жоспары да болады.

Курс қай тілде өтеді?

Сабақ тілі әзірге жарияланбады. Қабылдаумен бірге хабарлаймын. Лендинг қазақша және орысша ашылады, бірақ бұл сабақ тілін анықтамайды.

Өнім идеясы болмаса ше?

Нөлінші аптада әркім идеясын бір сөйлеммен айтады. Толық жоспар әлі керек емес. 3-⁠модульде оны тексересің: аудиторияңдағы адамдармен үш рет сөйлесіп, мәселе мен алғашқы нұсқаның шегін анықтайсың.

Күту тізімінеқосыл

Қабылдау әлі ашылған жоқ. Байланыс дерегіңді қалдыр — жазылу басталғанда хабарлап, күнін, бағасын, сабақ тілін айтамын.

Қабылдау басталғанда жазамын. Артық хабарлама жібермеймін.